ЗАМАНҒА САЙ ҚАБЫЛДАНҒАН КОДЕКС

ЗАМАНҒА САЙ ҚАБЫЛДАНҒАН КОДЕКС

slider
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі (әрі қарай — ӘРПК)  керек жерде,  керек кезде қабылданған Кодекс, — деп білемін. Қоғам бір орында тұрған жоқ. Адамзат барлық салада прогресске ұмтылуда. Әр салада өзіндік жаңашылдықтар пайда болуда. Өзіміз күнделікті қолданып жүрген гаджеттерсіз өмірімізді елестету қиынға соғады.  Күнімізді тиімді пайдаланып байланысқа желілер арқылы шығу үшін смартфон қаншалықты қажет болса, ӘРПК еліміздің құқықтық саласындағы жария-құқықтық қатынастарды реттеуге  қажет жаңашыл кодекс»,-дейді Түркістан облысының Әділет департаменің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімнің бас маманы, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық бірлестігінің мүшесі Гүлсезім Бейсебек.

Әкімшілік рәсімдік – процестік кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Кодекс халықаралық стандарттарға сәйкес әкімшілік әділетті енгізеді. Кодекстің негізгі мақсаттары – азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін жиынтығын бекіту, әкімшілік органның жоғары тұрған органында және сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу.

«21 ғасыр  ақпараттық ғасыр. Сондықтан әлеуметтік желілерді пайдаланушы азаматтар саны күннен-күнге артып, желі пайдаланушысы қас қағым сәтте мемлекеттік қызметкердің өзіне қатысты шығарған шешіміне шағымы жайлы ойын бір клик арқылы таратып жатады. Қоғамда наразы адамдардың түсініктермелеріне күнделікті тап боламыз. Мемлекеттік органдар әлеуметтік желілер арқылы халықтың пікірлерін, ойларын жеткізу үшін арнайы парақшалар ашты. Call-centre арқылы келеңсіз жағдайларды тиімді әрі жылдам, қолайлы түрде шешіп халықтың алғысын алуда.  Мәселелер үкіметпен естіліп, азамат үшін оң шешімдер қабылданып жатқанына куә болып жүрміз. Осы ретте  әкімшілік рәсімдерді жүргузудегі жаңашыл шешім – ӘРПК-нің  жаңа тетіктері деп ойлаймын. Осының барлығы біздің халық үніне құлақ асатын мемлекетте тұратынымыздың бірден-бір дәлелі»,-дейді маман.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *