ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ БІТКЕН НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы аяқталған нысандардың жұмысын тексеріп шықты. Бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысы барлық демалыс орындарына сапалы газон төсеуді тапсырды. Сондай- ақ, сабақтардағы демалатын жайларды жеңіл де қолайлы конструкциядан орнатуды жүктеді.

Құрылысы аяқталған департаменттер мен басқармалар үйінде ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан ғимараттармен біркелкі дизайнда жасалған нысанның ішкі келбеті де заманауи жасақталған.

Өмірзақ Естайұлы қала іргесінде орналасқан дендробақ құрылысының басында болды. 28 гектар алқапты алып жатқан жасыл аумақта сан түрлі жеміс ағаштары мен көпжылдық өсімдік түрлері өсіріледі. Мұнда амфитеатр, субұрқақтар мен жасанды көпірлер салынады. Облыс басшысы бірегей жобаға жауапты басшыларға құрылысшылар санын арттыруды тапсырды.

«Құрылыста адам саны аз. Ақша бөлінгеннен кейін аянбай, күндіз-түні жұмыс істеу керек. Алдымен ағаштарды суару жүйесін реттеңіздер. Жасанды көл көлемін арттыру керек. Ең бастысы, балалар алаңқайындағы құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударылсын»,-деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев Нұрсұлтан алаңы, аттракциондар саябағы, Ясауи мұражайы, Тұңғыш Президент саябағы мен желілік саябақты аралады. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының бекітілген кестеге сай аяқталуын міндеттеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *