ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ КІРЕБЕРІСІНЕ 2 462 БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ КІРЕБЕРІСІНЕ 2 462 БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Шымкент қаласында биыл цифрландыру басқармасы тарапынан талдау жүргізіліп, 7753 бейнебақылау камералары орнатылғандығы анықталды. Оның ішінде, қалалық полиция департаментіне тиесілі – 479, денсаулық сақтау басқармасына – 1211, білім басқармасына – 3601, балабақшаларда – 1185 және мектептерде – 2416.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігімен жасалған 3 жақты меморандум шеңберінде 56 «Сергек» камерасы 14 желілік учаскеде орнатылды. Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ тарапынан тұрғын үйлердің кіреберісіне 2 462 бейнекамера орнату жұмыстар аяқталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі