«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯІШІЛІК ІРІКТЕУІН БАСТАДЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯІШІЛІК ІРІКТЕУІН БАСТАДЫ
На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, костюм и в помещении
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Елімізде Nur Otan партиясының партияішілік іріктеу бәсекесі басталды. Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында праймериз алғаш рет өткізілуде.
Праймериздің мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталады.
Праймериз коронавирус пандемиясы кезеңімен сәйкес келгендіктен партияішілік іріктеуге арналған іс-шаралардың басым бөлігін онлайн форматта өткізу міндеттеліп отыр.
«Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасын басшылыққа алған «Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді, жалпы жұртшылықтың пікірлерін ескере отырып, түрлі бастамалар мен заң жобаларын онлайн-талқылау мүмкіндігін көздейді.
Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы праймериз өткізуге қарқынды дайындық жүргізді. Әзірге шымкенттік 36 үміткер праймеризге қатысуға өтініш берген. Үміткерлердің ішінде 9 адам 35 жасқа дейінгі жастар өкілдері.
Еліміздің барлық бастамашыл, отансүйгіш және жауапкершілігі мол азаматтарды саяси бәсекеге беленді қатысуға шақырамын! Саяси додаға қатысып, өз елінің дамуына үлес қосамын деген азаматтар өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауы тиіс.
Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *