Түркістан облысының прокуратура органдарындағы жаңа тағайындаулар
Түркістан облысының прокуратура органдарындағы жаңа тағайындаулар.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 5 сәуірдегі бұйрығымен Түркістан облысы прокурорының орынбасары лауазымдарына Ж.Н. Нұрғали және Қ.Е. Аблезов тағайындалды.
— Нұрғали Жомарт Нұрғалиұлы 1978 жылы Шымкент қаласында туылған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында бастаған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Аппарат басшысы, Кентау қаласы және Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған.
Соңғы қызмет орны – Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры.
Прокуратура органдарында 21 жыл еңбек өтілі бар.
Сыныптық шені- аға әділет кеңесшісі.
— Аблезов Қуаныш Ержанұлы 1978 жылы Алматы қаласында туылған. ҚР ІІМ Алматы заң институтын бітірген.
Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1995 жылы Атырау облысының ІІД-нің органдарындағы қызметтен бастаған. 2004 жылы қаржы полициясы органдарында, 2013 жылы қауіпсіздік Қызметінде, 2015 жылы Атырау облысының мемлекеттік кірістер Департаментінде қызметтер атқарған.
Прокуратура органдарында 2018 жылы Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының орынбасары лауазымын осы кезеңге дейін атқарып келді.
Құқық қорғау органдарында 22 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Новые назначения прокуратуры Туркестанской области.
Приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 5 апреля 2021 года на должности заместителя прокурора области назначены Нургали Ж.Н. и Аблезов К.Е.
— Нургали Жомарт Нургалиевич родился в 1978 году в г.Шымкент. Окончил Международный казахско-турецкий университет имени Х.А.Ясави.
Трудовую деятельность начал в 2000 году в органах прокуратуры Южно-Казахстанской области. После этого работал в Генеральной прокуратуре Республики Казахстан, руководителем Аппарата прокуратуры Южно-Казахстанской области, прокурором г.Кентау, Абайского района г.Шымкент, последняя занимаемая должность прокурор Сарыагашского района.
Имеет более чем 21-летний опыт работы в органах прокуратуры.
Классный чин – старший советник юстиции.
— Аблезов Куаныш Ержанович родился в 1978 году в г.Алматы. Окончил Алматинский юридический институт МВД Республики Казахстан.
Трудовую деятельность в правоохранительных органах начал в 1995 году в ДВД Атырауской области. С 2004 года работал в финансовой полиции, с 2013 года в Службе безопасности, а с 2015 года в Департаменте государственных доходов по Атырауской области.
Работу в органах прокуратуры начал в 2018 году с должности заместителя Главного транспортного прокурора Республики Казахстан до настоящего дня.
Имеет более чем 22-летний опыт работы в правоохранительных органах.
Классный чин – старший советник юстиции.