МІРЗАҚ ШӨКЕЕВ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ТАЛАП ЕТТІ
МІРЗАҚ ШӨКЕЕВ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ТАЛАП ЕТТІ
Қыркүйек-қараша айлары аралығында Түркістан қаласында 15 нысанды пайдалануға тапсыру көзделген. Олардың 11-і әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Түркістан облысының әкімі қала нысандарын аралау кезінде жауапты басшыларға жоспарланған жұмыстарды ширатуды тапсырып, нәтижелі жұмысты талап етті. Әрі жұмыстарды мерзімге сәйкес жүргізуге байланысты тапсырмалар жүктеді.
Аймақ басшысы аралап көрген Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, Оқушылар сарайы, стадион, Цифрлық кеңсе нысандарында құрылыс аяқталуға таяған. Жиһаздары қойылып, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Рухани-мәдени орталығындағы 4 нысанның құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.
Драма театрда сыртқы және ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, нысан құрылысында 150 жұмысшы бар. Мәдени ошақтың жиһаздары жасақталып, заманауи театрлық құралдары орнатылады. Сонымен қаатар Тұңғыш Президент саябағы, Н.Назарбаев аллеясы, Х.А.Яссауи мен Рәбия Сұлтан Бегим кесенелерін қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Мәдени-рухани орталығының инженерлік инфрақұрылымының құрылысында абаттандыру, скверлер салып, көшелер төселген. Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру, қолөнер шеберлер орталығы, бульвар, желілік саябақ және дендросаябақ нысандары бойынша қарқынды құрылыс жұмыстар жүргізілуде.
«RixosTurkestan» және Хэмптон қонақ үй кешендерінің қасбеті қаланып, айналасын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Екі ауысымды жұмыс ұйымдастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі