10 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ОРНАТТЫ
10 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ОРНАТТЫ
Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 17 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс атқаруда. Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың барысына тоқталды.
Бүгінде келісімшарт міндеттемелерін орындамаған, әлеуметтік төлемдерді жасамаған 13 жер қойнауын пайдаланушының қарыздарын мәжбүрлеп өндіру бойынша істер Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласының сотына жолданып, шешімдері қабылданды.
Шымкент қаласы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылармен карьерде және тас майдалайтын қондырғының аумағында бақылап-өлшеу құралдарын (таразы) орнату мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен мәжіліс өткізіліп, ескертпе хаттар ұсынылды. Нәтижесінде, 10 жер қойнауын пайдаланушы бақылап-өлшеу құралдарын орнатты.
Сондай-ақ, келісімшарттары бұзылған жер қойнауын пайдаланушылардың аумақтарын қалпына келтіру жұмыстарын қадағалау жүргізілуде.
ФОТО: Береке СЕЙІТЖАППАР
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі