Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 65 адам анықталды
© REUTERS
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2135-ке жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 65 адам тіркелді, оның ішінде Алматы қаласында — 18, Жамбыл облысында — 1, Шығыс Қазақстан облысында — 1, Түркістан облысында — 2, Шымкент қаласында — 28, Маңғыстау облысында — 2, Батыс Қазақстан облысында — 4, Қостанай облысында -1, Қызылорда облысында — 6, Нұр-Сұлтан қаласы — 1, Павлодар облысында — 1.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 404 адам, Алматы қаласында – 732 адам, Қарағанды облысында — 102 адам, Ақмола облысында — 83 адам, Атырау облысында — 82 адам, Жамбыл облысында — 77 адам, Шымкент қаласында — 131 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 12 адам, Алматы облысында — 62 адам, Ақтөбе облысында — 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 30 адам, Павлодар облысында — 38 адам, Маңғыстау облысында — 18 адам, Қызылорда облысында — 157 адам, Батыс Қазақстан облысында — 76 адам, Түркістан облысында — 69 адам, Қостанай облысында — 35 адам, жалпы 2135 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-koronavirus-juktyirgan-tagyi-65-adam-anyiktaldyi-307700/