ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯЛАРҒА РҰҚСАТ АЛУ ҮШІН 169 ӨТІНІМ ТҮСКЕН

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯЛАРҒА РҰҚСАТ АЛУ ҮШІН 169 ӨТІНІМ ТҮСКЕН

Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев 2021 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

ҚР Экологиялық кодексінің 20 бабына сәйкес, басқарма өз құзыретi шегiнде II, III және IV санат объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзедi және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, 2021 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 169 өтінім материалдары тапсырылып, оның 140 өтініміне рұқсаттар берілді. 20 өтінім қайтарылды және 9 материал қарастырылуда.

Сондай-ақ, есепті кезеңде Шымкент қаласы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйі жөнінде халықты хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында 2 дана LED-экранды орнату үшін қала аумағынан екі жер учаскесіне мемлекеттік актілер алынды. Қалалық бюджеттен қаржы бөлінген.


Қазіргі таңда, мемлекеттік актілерді Шымкент қаласының әділет департаментінде тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

ФОТО: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *