Шілдеде қанша қазақстандық 42500 теңге алды?

Шілдеде қанша қазақстандық 42500 теңге алды?

Фото: Әлихан СариевФото: Әлихан Сариев

Шілдеде 1,8 миллион қазақстандық 42500 теңге алған, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

28 шілдеде 42500 теңгені алу үшін 2,2 мииллионнан аса өтініш қабылданған:

  • 822,1 мың адам төлемді проактивті форматқа алуға келісті;
  • 554,3 мың адам Egov.kz порталы және Telegram-бот арқылы өтініш берді;
  • 287,6 мың адам 42500.enbek.kz портал өтініш берді;
  • 569,6 мың адам мобильді қосымшалар және екінші деңгейлі банктің интернет ресурстары арқылы өтінімш берді;

Нәтижесінде 1,9 миллион адамға 42500 теңге тағайындалды. Қаржылай көмекті 1,8 миллион қазақстандық алды.

Өтініш беру 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, осыған дейін еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге қашан және қалай берілетінін әрі бұл көмекті кімдер ала алмайтынын айтқан еді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға ұзартылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан болаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *