ТҮРКІСТАН : РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛУДА

РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛУДА

Осы мақсатта, Б.Саттарханов даңғылы, Жібек жолы, Отырар, Ақан Сері көшелерінің тұрғындарымен «Рәміздер алаңын» қайта жөндеу мен қайта жаңғыртудың көмегімен заманауи деңгейге келтіру қажеттілігі туралы ұсыныс, ой-пікірін тыңдау мақсатында жиналыс өткен болатын. Сол себепті, бұл — көше тұрғындырының ұсынысымен жүзеге асырылған жоба болып табылады.
Саябақтың қамтылу аймағы 0,7 гектар болса, жасыл аумақ көлемі – 0,3 гектарды құрайды. Қазірде саябақта 40 дана сәндік жарықтандыру шамдары орнатылған. Одан өзге, аяқжолдарды қайта орнату, көгалдандыру аумағына автоматты суару жүйесін енгізу, ұңғыма қазу жұмыстары да қатар жүріп жатыр.
Мұнда 70 жұмысшы мен 12 техника жұмылдырылған. Абаттандыру жұмыстарының сәуір айы ішінде аяқталуы жоспарланған.  Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *