ЖҰРТ АЙТАҚАНОВҚА НЕ АЙТТЫ
Е.АЙТАХАНОВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов “Nur Otan” партиясының қалалық филиалында жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.
Әкімнің жеке қабылдауына келген қала тұрғындары коммуналдық мәселе мен қоғамдық көлік, жерді заңдастыру, көшені жарықтандыру, жол және жұмыс мәселесін көтерсе, енді бірі мәдениет саласы бойынша өз ұсынысын айтты.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген қала басшысы барлық көтерілген мәселелер заң аясында шешілетінін айтты.
Сонымен қатар, Е.Айтаханов қалаға қосылған 41 елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға келер жылы бюджеттен қаражат қаралып, ол бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабардар етті.
Қабылдау барысында Ерлан Қуанышұлы ағымдағы атқарылатын жұмыстарды айтып, тұрғындардың уәждері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі