ТҮРКІСТАНДА ҰШАТЫН ТЕАТР АШЫЛАДЫ
ТҮРКІСТАНДА ҰШАТЫН ТЕАТР АШЫЛАДЫ
Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік орталығы (АДЦ) аумағында әкімшілік ғимараттар мен көпқабатты 24 үйдің қасбеттерін бір үлгіде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы ғимараттардың айналасы көгалдандырылып, жарықтандырылуда.
Қаланың басты көшелеріне түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ Ясауи кесенесінің алдында ерекше жарықшамдар орнатылды. Минскіден арнайы алдырылған ағаш кейпіндегі бақша жарықшамдары түнде айналаны сан алуан түске бөлесе, күндіз салқын су шашып, аптап ыстықтан қорғайтын болады.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы қарқынды жұмыстардың барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. «Дендросаябақ» пен «Аттракциондар паркі» арасында жаңа көпір салу жоспарлануда. Сонымен қатар «Жібек жолы» саябағы, Б.Саттарханов бойындағы «Желілік саябағы» әсемделіп, қонақ үйлер жарықтандырылады. Облыс басшысы Б.Саттарханов даңғылындағы тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін және «Рәміздер алаңы» мен «Түркі бағын» ретке келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыстар кәсіпкерлер мен тұрғындардың күштерімен жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі