ТҮРКІСТАН: МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ ЖАҢА ҒИМАРАТТА ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ТҮРКІСТАН: МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ ЖАҢА ҒИМАРАТТА ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Түркістан облысында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі жаңа ғимаратта жұмысын бастады. Дәлірек айтсақ, қазіргі таңда бұл мекеме Түркістандағы жаңа автовокзалда елге қызмет көрсетіп жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған орталыққа барып, жұмысымен танысты.
Орталықта қызметкерлер мен қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда автокөлікті құжаттандыруға байланысты барлық қызмет ұсынылады. Атап айтсақ, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ автокөліктерді тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру жүзеге асырылып жатыр.
Бұдан кейін облыс әкімі Экобазарға барды. Нысан 1 қабатты, көлемі – 14 га. Нысанның құрылыс басында 80-нен астам адам, 10 техника жұмыс істеп жатыр. Нысанның қасбетін қаптау жұмыстары – 90%-ға, инженерлік жұмыстар – 90%-ға аяқталған. Қазақстанда теңдесі жоқ базар наурыз айында ашылады деп жоспарланып отыр. Сауда кешенінде 3000-ға жуық сауда орындары бар. Тауар сақтауға арналған 300 микроклиматтық қойма, қонақ үй, демалыс орындары, фудкорт және ойын-сауық кешендері бар.
Кешенде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне облыс әкімдігі мен «Түркістан» ӘКК АҚ ұйымдастыруымен 2-3% жеңілдетілген несие беріледі деп жоспарланған. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін делдалсыз нарыққа шығара алады. Базар жанындағы жаңа автовокзалдан республикаішілік және халықаралық бағыттарға қоғамдық көліктер қатынайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___