Шымкенттік полицейлердің бекеттегі төбелесі видеоға түсірілді

Шымкенттік полицейлердің бекеттегі төбелесі видеоға түсірілді

Видеодан кадрВидеодан  кадр

Шымкентте полицейлер бекетте төбелескені үшін жұмыстан босатылды. Тәртіп сақшыларының жұдырықтасқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Astana телеарнасына сілтеме жасап.

Кадрда патрульдердің төбелескенін көруге болады. Олардың бірі әріптесінің бетінен соққы жасайды. Стационар бекетінде болып жатқанның бәрін өтіп бара жатқан адам смартфон камерасына түсірген.

Полиция департаменті роликтегі қызметкерлерін тез анықтаған. Бірақ олардың неге жанжалдасқаны айтылмайды.

«Тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде қызметтік этика нормаларын бұзғаны және ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін тәртіптік комиссияның шешімімен патрульдік полиция полкінің екі қызметкері де атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», — деп түсіндірді Шымкент Полиция департаментінің қызметкерлері.

>

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *