ШЫМКЕНТТЕ 2021 ЖЫЛЫ 7 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 2021 ЖЫЛЫ 7 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Шымкент қаласында осы жылы мұғалімдер мен жаттықтырушылардың еңбекақысы 25 пайызға, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 50 пайызға артады.

Қала әкімі халық алдындағы есепті жиында адами капиталды дамыту жөнінде баяндап, келесі ортақ мақсат — инфрақұрылым екені және 2021 жылы халықты сапалы ауызсумен қамтылуы туралы айтып өтті.

Қала әкімі М.Әйтеновтің сөзінше қазір қаладағы 81 шағын ауданның 69-ы орталықтандырылған ауыз суға қосылған. 5 шағын аудан кестемен, 7 шағын аудан суды тасып ішеді.

Өткен жылы 17 шағын аудан және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам сапалы сумен қамтылды. Нәтижесінде көрсеткіш 95 пайыздан асты.

Биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 7 елді мекенге су құбыры жүргізіледі. Осының есебінен тағы 25 мыңнан астам адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі.

Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *