МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕТІНІН АЙТТЫ

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕТІНІН АЙТТЫ

Шымкентте жел тұрса, жауын-шашын жауса электр жарығы сөнетін жағдайлар жиі орын алады. Себебі қалада электр желілері көп жерде аспалы. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін жаңадан тартылатын электр желілері жердің астымен жүргізіледі.

Халық алдындағы есепті жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. Шаһар басшысы осы бағыттағы бірнеше мәселеге тоқталып өтті.

–Бұл бағыттағы ең басты мәселе – энергоресурс тапшылығы. Қалаға табиғи газ жетіспейді, сапалы электр қуаты тапшы. Бизнестің техникалық талаптарын орындай алмай отырмыз. Қала құрылысының дамуына да қолбайлау болып тұр. Осы мәселені шешу мақсатында АГРС-3 пен Бозарық станциясын сәуір айында іске қосуға күш салып отырмыз,- деді қала әкімі.

Айта кетейік, бұл инфрақұрылымдық жобалар толығымен аяқталса қала шетіндегі шағынаудандарда 250 мың адам сапалы жарықпен қамтылып, қала халқының 99 пайызы табиғи газға қол жеткізеді.

Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *