ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортқа ерекше назар аударылады. Осы жылы 115 замануи спорт алаңы салынса, «Металлург» стадионы мен 12-ші балалар мен жасөсіпірмдер спорт-мектебінің спорт кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында берген жылдық есебінде баяндады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты есепті кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды.

– Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн. Сол үшін Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлеміз. Биыл 117 мыңнан астам оқушы арасында «Жастар лигасын» өткіземіз. Бұл Лига спорттың төрт түрінен – футбол, волейбол, баскетбол және шахматтан өтеді. Жалпы жүлде қоры 80 млн теңге. Әр бағыт бойынша жеңіп шыққан командаларға оқу орнын одан әрі дамыту үшін 20 млн теңге сыйақы береміз,-деді қала әкімі.

Айта кетейік, биыл шаһарда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылатын «Шымкент жастар лигасы» мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтауды көздейді.

Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *