ҰЛЫ АБАЙДЫ САХНАДА СӨЙЛЕТКЕН- МАРАТ АҒАЙ!
ҰЛЫ АБАЙДЫ САХНАДА СӨЙЛЕТКЕН- МАРАТ АҒАЙ!
Марат Өмірханұлы «Драма актеры және эстрадалық ән орындаушы» мамандығы бойынша біліктілік алып, еңбек жолын 2000 жылы «Түркістан сазды драма театрында» актерлік қызметін атқарудан бастады. Аталмыш театрда республикамызға танымал болған Б.Вахапзаденің «Көк Түріктер» тарихи драмасында – Қара Қаған, Р.Сейтметовтың «Хан Кене» драмасында – Кенесары хан, Р.Сейтметовтың «Президенттің жүрегі» драмасында – Президент рөлін, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында М.Қасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар-ай» комедисында – Есеттің, Е.Қойбағаровтың «Бала мен қайыршы» драмасында – Қайыршы мен әкенің және Д.Киноситоның «Тырна ұлпалары» жапон драмасында – Ундзу, Б.Есеналиевтың «Мұхаммед Хайдар Дулати» тарихи драмасында – Мұхаммед Хайдардың, Д.Исабековтың «Мұңлық-Зарлық» драмасында – Бас уәзір Барын, 2012 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театрында С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» — Махкам, Д.Исабековтың «Бонапарттың үйленуінде» — Рәт ақсақал, Н.Қадировтың «Кәрілігімді сағындым» комедиясында – Райым, У.Абдраимовтың «Ұстазым менің» атты сазды – думанды қойылымында – Физика мұғалімі, Р.Отарбаевтың «Қараша қаздар қайтқанда» тарихи драмасында – Дәулет болыс, У.Абдраимовтың «Ынтымақ әуендері» атты қойылымында – Гажданбек, И.Содиковтың «Әпендінің бес қатыны» комедиясында – Қадыр, Е.Брусиловский мен Л.Хамидидің «Қыз Жібек» — Бекежан, У.Гаджибековтың «Аршын мал алан» — Сұлтанбек, С.Мұхамеджановтың «Айсұлу» — Серке, Е.Рахмадиевтың «Қамар сұлу» — Нұрым, Р.Леонковалло «Паяцы» — Сильвио, Дж.Вердидің «Риголетто» — Монтероне секілді біраз рөлдерді сомдады.
Осынау сахналық қойылымдар арасында жанына жақыны Л.Хамиди, А.Жұбановтың «Абай» операсы. Неге десеңіз? «Абайша сөйлеу, ойлау, бір сәтке болса да Ұлы тұлғаны жүрекпен түсініп, жүрекке жеткізу бір бақыт» дейді Марат Өмірханұлы.
Жылдар бойы атқарған қажырлы еңбегінің арқасында 1997 жылы Қазығұрт ауданында өткен облыстық «Күлкі жәрмеңкесі» байқауында ІІ орынды, 1999 жылы Астана қаласында өткен О.Бөкей атындағы Республикалық «Көркем сөз оқу шеберлерінің» байқауында І орынды иемденсе, 2015 жылы өткен Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Театр көктемі — 2015» облыстық театр фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін «Ең үздік ер адам ролі» номинациясын қанжығасына байлаған.
Марат Өмірханұлы бүгінде «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Достар! Егер сіз, сахнадағы Абайды көргіңіз келсе міндетті түрде Шымкент қалалық опера және балет театрының қойылымдарын назарда ұстаңыз. Нағыз талантты көзбен көру, «Абай» операсын сезіну ерекше сезім.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі