ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ҚҰЛЫНДЫ ЖЫЛҚЫНЫ СОҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Оқыс оқиға 03.04.21 жылы сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолы бойында орын алған. Шымкенттік тұрғын өзінің «Tayota Camry 50» маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кетеді.
Сурет әлеуметтік желіден алынған
Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам оқиға орнында қайтыс болған. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыптылар және біреуі жасөспірім, яғни немересі.
Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза болған жұбайлардың күйеу баласы.
Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК -нің 345-бабымен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады
ТО ПД Баспасөз қызметі.