ШЫМКЕНТТЕГІ АГРС-3 ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАНДА ШАЛҒАЙДАҒЫ ШАҒЫНАУДАНДАР ТОЛЫҚ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
ШЫМКЕНТТЕГІ АГРС-3 ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАНДА ШАЛҒАЙДАҒЫ ШАҒЫНАУДАНДАР ТОЛЫҚ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы аяқталуға жақын қалған АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясының құрылыс жұмысымен танысты.
Газ тарату станциясын аралау барысында қала басшысы бұл нысанның стратегиялық маңызды жоба екенін айтып, нысанды тездетіп пайдалануға тапсыру қажет екенін жеткізді.
Сонымен қатар әкім жоба жүзеге асқанда, шалғайдағы шағынаудандар толық табиғи газбен қамтылатынын атап өтті.
Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр.
Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 92,2% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 процентке жететін болады.
Қазіргі таңда, АГРС-3 нысанның техникалық құрал-жабдықтары 100 пайыз орнатылып және құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға орындалды. Осы жылдың екінші тоқсанына дейін аталған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен орындалып, іске қосу жоспарға қойылған.
Бұдан бөлек, АГРС-3 нысаны іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандары сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі