ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 3-І КЕЗЕҢІ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 3-І КЕЗЕҢІ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3 кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.
Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері және 24 бағана орнату жұмыстары аяқталды.
Уақытша айналма темір жолының 2 бағыты негізгі магистралды темір жолға қосылды. Темір жол астынан өтетін жаяу жүргіншілер өткелінің қазу жұмыстары жүргізілуде. Жол өткелін салу үшін бірінші кезекте кедергі келтіретін 6 үйді және екінші кезекте жер жұмыстарын жүргізу үшін «Қазақстанның инвистициялық қоры» аумағындағы жер телімін шұғыл алу қажеттілігі туындап отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі