ТОҒЫС ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ШІЛДЕ АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

ТОҒЫС ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ШІЛДЕ АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

slider
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты.
Шаһар басшысы алдымен Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектептің қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысын бақылады.
Жер телімінің жалпы ауданы – 4,88 га. Жоба құны – 934 734,8 мың теңге. Жауапты мердігер мекеме – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС. 2020 жылы 380 000,0 мың теңге қаржы игерілсе, биылға қаралған қаржы көлемі – 555 107,0 мың теңге.
2019 жылы қазан айында басталған мектеп құрылысын биыл шілде айында аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, 2021 жылы қалада 32 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіледі.
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *