ШЫМКЕНТТЕГІ БІЛІКТІ БАЛАЛАР ХИРУРГІ 8 МЫҢ БАЛАҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАҒАН
ШЫМКЕНТТЕГІ БІЛІКТІ БАЛАЛАР ХИРУРГІ 8 МЫҢ БАЛАҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАҒАН
Болат Нұсқабаев — балалар травматология-ортапедия бейіні бойынша туа біткен науқастарға және жарақаттанған балаларға күрделі ота жасайтын хирург. Өз ісін жетік меңгерген маман 30 жылға жуық медицина саласында қызмет атқарып келеді.
Жоғары санатты дәрігер, жоғары санатты медицина саласының ұйымдастырушысы. «Медицина саласының үздігі», «Алтын дәрігер», «Қазакстан Республикасының травматология-ортопедия саласына еңбегі сіңген» төс белгілерінің иегері. «Жыл дәрігері» атанған.
Медицина маманы аяқ-қолы жарақаттанған балаларға күрделі ота жасайды. Жұмыс тәжірибесінде білікті хирург тумасынан жанбас сүйегінде ақаудан төсекке таңылған балалардың аяққа тұрып кетуі үшін күрделі оталар жасап, оң нәтижеге қол жеткізген.
Беделді травматолог-ортопед бүгін күнге дейін сегіз мыңдай балаға күрделі операция жасаған.
2011 жылы Литва мемлекетінде білім алып, сапалы медицина саласын ұйымдастыруды, жоғары технологияларды қолдана отырып ота жасауды меңгеріп, тәжірибесін қолданысқа енгізді.
Білікті маман қазіргі таңда қалалық балалар клиникалық ауруханасының балалар ортопед-травматологы, травматология бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар ортопед –травматологы болып қызмет атқарады.
Ол ота жасаумен қатар сырқаттанған балаларға кеңес беріп, емдеу шараларын жүргізеді. Штаттан тыс балалар ортопед-травматологы 2019 жылы — 1680, 2020 жылы- 1945 баланы қабылдап, медициналық кеңес берген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі