Оқушылар мектепке қашан барады? БҒМ жауап берді
Оқушылар мектепке қашан барады? БҒМ жауап берді
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылар мектепке қашан бара алатынын айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
«Мектеп жұмысын жандандыру мәселесіне тоқталайын. Бұл бізді, педагогтерімізді, балаларымызды және ата-аналарымызды қатты алаңдатып отыр. Біз де мектептердің қайта ашылғанын қалаймыз. Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстарымызды бердік. Мектептердің жұмысын жандандырудың бірнеше нұсқасы бар», — деді ол орталық коммуникациядар қызметінде өткен брифингте.
«Біз де барлығы сияқты осы бұйрықты негізге аламыз. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен бірлесіп, күн сайын барлық мәселені пысықтап жатырмыз. Біз амалсыздан қашықтан білім беріп жатырмыз. Барлық білім беру ұйымы штаттық режимде жұмысын қайта жандандыру үшін тиіс жұмыстар жүргіземіз», — дейді Шолпан Каринова.
Вице-министр Қазақстанның бас санитар дәрігерінің рұқсатымен ғана оқушылар мектепке бара алатынын айтты.
«Біз де ата-аналар сияқты мектептердің штаттық режимде жұмыс істегенін қалаймыз. Бұл мәселенің бірнеше нұсқасы бар. Әр өңірдегі жағдай әр түрлі. Бізге әкімдіктердің, өңірдегі санитар дәрігерлердің шешімі бойынша мектептерді ашу ұсынылды. Бұл — ең тиімді әдіс. Қазіргі таңда біз оқушылардың денсаулығын ойлауымыз керек. Мәселеге қатысты қосымша ақпаратты хабарлаймыз», — деді ол.