Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді
фото әлеуметтік желіден алынған
(14.05.2020 жылғы сағат 09:20 — дегі мәлімет бойынша).
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 5 тұрғынында COVID-19 диагнозы нақтыланды: 1995 және 1989 ж. т. әйелдерде , 1990, 1988 және 1964 ж. т. ерлерде, олар бұрын ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 250 адам анықталды.
⚡Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы