ДИСТРИБЬЮТЕРДЕН ӨНІМ ӨНДІРУШІГЕ АЙНАЛҒАН «NURTAU DISTRIBUTION COMPANY»

ДИСТРИБЬЮТЕРДЕН ӨНІМ ӨНДІРУШІГЕ АЙНАЛҒАН «NURTAU DISTRIBUTION COMPANY»

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында өз өндірісін дамытып келе жатқан кәсіпорынның бірі – «NURTAU Distribution Company» ЖШС. 2016 жылы құрылған компания бастапқыда импортталған жуғыш заттар мен жеке гигиена құралдарын сатумен айналысты. Сондай-ақ, Шымкентке сағыз жеткізуші жалғыз дистрибьютер болатын. 2018 жылы жеке кәсіпкерлер тауарды тек сату емес, керісінше өздері дайын өнімді шығара алатынына көз жеткізеді. 2 жыл ішінде коммуникация, өнімді өткізу және т.б., белгілі тәжірибелер қалыптасты.

Осы мезетте Давран мен Абай бірлесе шоколад, печенье және сағыз шығаратын кондитерлік фабрика ашуды ойластырады.

– Біздің компания үш жылға жуық отандық және шетелдік өнім өндірушілердің дистрибьютері болды. Ал 2018 жылы өз өндірісімізді ашу қажет екенін түсіндік. Бір жылға жуық уақыт бойы іздендік, қажетті ақпаратты жинадық. Өз мүмкіндіктерімізді, кәсіпті дамыту мәселелерін зерделедік. Жұмыс осылай басталды, – дейді компанияның бас директоры Абай Мырзаев.

2019 жылы сұлы шоколады мен сағыз өндіретін кондитерлік фабриканың құрылысы үшін компания жеңілдетілген несие алуға «Даму» қорына жүгінді. «АТФ Банк» АҚ 15 % несиемен қаржыландырды. Несиенің 9 %-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Бүгінде жаңа кәсіпорын сағатына 300-400 келі шоколадты печенье, 400-500 келі сағыз өндіреді. Қаншама жыл импорттық өнімді сатып келген жеке кәсіпкерлер қазіргі таңда жаңа бағытқа бет бұрды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *