15 мың теңге. Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы өтелетіндердің тізімі кеңейді
15 мың теңге. Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы өтелетіндердің тізімі кеңейді
Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгені өтейтіндердің тізімі кеңейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 9 мамырда карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
— 1, 2, 3-топ мүгедектері;
— Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
— мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
— көп балалы отбасылар;
— ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;
— мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
— атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
«Бұдан басқа, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді», — делінген министрліктің хабарламасында.
https://kaz.tengrinews.kz/private_finance/15-myin-tenge-kazakstanda-kommunaldyik-kyizmet-akyisyi-308298/