ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАНЫ ЖОМАРТ АЗАМАТ ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАНЫ ЖОМАРТ АЗАМАТ ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
«Мен Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырып қыздарымды асырап отырмын. Тапқаным пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды. Мұндай жағдаймен қашан үйлі болады екенмін, қалай перзенттерімді өзгелерден кем қылмай өсіремін деп уайымға салынатынмын. Міне, бүгін үйлі болып, күтпеген қуанышқа кенеліп отырмын. Тіпті, ішіндегі үй жиһаздары мен азық-түлігіне дейін беріп отыр. Енді бар тапқанымды қыздарымды тарықтырмай өсіруге барымды саламын. Игі іс жасап отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ», – деді Н.Шадманова.
Қайырымды істің бастамашысы болған «Нәр-Тамшы» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Ермахан Рахматулла. Ол бұған дейін 10-ға жуық отбасыға баспана тарту еткен.
Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 80 гектар жерге 200 пәтерлі 6 көпқабатты үй салынуда. Жыл соңына дейін бірқатар үйдің құрылысы аяқталып, ондағы пәтерлер баспана кезегінде тұрған аз қамтылған отбасыларға үлестірілетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі