ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЖАҢА САЯБАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЖАҢА САЯБАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ
Түркістан қаласында 30-ға жуық нысанның аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілген. Көпқабатты үйлер алдына балалар ойын алаңшалары салынып, абаттандырылуда. Аулалар мен гүлзарлар және ойын алаңдары салынып, 15 нысанға 300-ден астам адам жұмысқа тартылды. Бұған қоса, 26 көшеге көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 8 мыңға жуық түп ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, ашық алаңдарды көгалдандыру бойынша 100 гектарға жуық «Жасыл белдеу» көгалдандыру аймағына 40 мың көшет егілді. «Халықтық жоба» негізінде белгіленген нысандар және қоғамдық орындар көгалдандырылып, порт алаңдары, субұрқақтар, шатырлар, орындықтар, жарықшам мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Аталмыш жұмыстарға тек жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды.
Шығыс үлгісінде салынып жатқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде болған облыс әкімі құрылыс барысымен танысты. Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген кешен тоғыз екі және үш қабатты блоктардан тұрады. Рухани-мәдени орталықта орналасқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде жалпы аумағы 8 мың шаршы метрден асатын 125 баспана бой көтереді. Оның ішінде екі қабатты таунхаустар, 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар. Бүгіннен бастап мұнда баспана сатып алушылар үшін ашылған кеңсе өз жұмысын бастады.
Өмірзақ Естайұлы жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын «Тұңғыш Президент саябағы» демалыс аймағында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап көрді. Түркістан қалалық сазды-драма театры және көмекші мектеп-интернаты жатақханасында жүріп жатқан жұмыстармен танысты. Облыстық ғылыми — әмбебап кітапхананың құрылыс алаңында болған өңір басшысы ғимараттың ішкі құрылысына бірқатар өзгерістер енгізіп, кей бөлмелерін кеңейтіп, қабырғаларын әйнектен орнатуды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі