ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 5 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 5 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылса, 33-і жартылай, 8 елді мекен мүлдем қамтылмаған.
Олар: Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле (276 орам).

Өткен жылы құрылысы басталған 9 нысанның 2-і аяқталды(Тұран (1-ші кезең) және Асар-2 шағын ауданына магистралдық газ құбыры тартылды). Биыл тағы 9 нысанның құрылысы жүргізіледі. Шаһарда жыл соңына дейін 5 елді мекенде 11 мыңнан астам адам табиғи газбен қамту жоспарланған. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 92,2%-дан, 93%-ға өседі.

Сонымен қатар, осы жылы жобалық сметалық құжаты дайын 4 жаңа жоба бойынша (Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Арғымақ 1-2 млрд.теңге) бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып отыр.

Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында, 2021 — 2025 жылдары даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *