Президент жаңа Парламенттің алғашқы сессиясын шақырды
Президент жаңа Парламенттің алғашқы сессиясын шақырды
Сурет: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады zakon.kz.
Қаулы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.