Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды
Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды
Шымкент полиция өкілдерінің мәліметінше, спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстаннан басқа екінші азаматтық алуға тыйым салатын заңды бұзған.
«Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың қос азаматтығы барын анықтады.
Азаматтық туралы заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегін тіркеді», — деп хабарлады Шымкент қаласы ПД азаматтық және иммиграция бөлімінің басшысы Гүлжан Нысанбаева.
Еске салайық, шенеуніктің қос азаматтығы туралы ақпарат бірнеше ай бұрын Желіде пайда болған. Онда Почиваловтың Қазақстан және Ресей азаматы екені айтылған.
Алайда Шымкент әкімдігінің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.
«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан Республикасының азаматы екенін хабарлаймыз», — деген болатын спорт басқармасының баспасөз хатшысы Малика Жалилова.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/shyimkenttk-sheneunk-kazakstan-azamattyigyinan-ayyiryildyi-318586/