ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй, жер және қоғамдық көлік мәселелерін қозғады.

Мәселен, Абай және Қаратау аудандарының тұрғындары жерін заңдастыру және өз жер телімін қайтарып алу тұрғысында сауалын қойып, көмек сұрады. Оларға қала әкімі жерді рәсімдеу бағытында түсіндірме жасады.

Ал, Бозарық-2 шағын ауданының тұрғыны Алмасхан Еспаев қоғамдық көліктердің кестесін қайта жасауды, шағын аудандағы жол жүру бағыттарын ұзарту жөнінде өтініш білдірді.

— «Бозарық шағын ауданына қатынайтын №171 автобус бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіліп, Бозарық-2 шағын ауданындағы балабақшаға дейін ұзартылды. Бүгінде №171 автобус балабақшаға дейін тасымалдау қызметін атқарып жатыр. Алдағы уақытта да қоғамдық көлік саласында көптеген өзгерістер болады. Қозғалыс бағыттары барынша оңтайландырады. Шымкент – үлкен мегаполис, халық саны артып, қала аумағы кеңейген. Бір нәрсені түсіну керек, тұрғындардың барлығының есік алдына аялдама орнатып беру мүмкін емес. Шалғай аудандарда автобустар орталық көшелерде жүретін болады» — деді Мұрат Әйтенов.

Өз кезегінде азамат мәселесінің шешімін тапқандығына алғысын білдірді.

Сонымен қатар, қала әкімі азаматтарды қабылдау барысында әкімдік тек заңға сәйкес көмек көрсете алатынын, мемлекеттік қордан пәтерлер кезек бойынша берілетіндігін баса айтып өтті.

Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *