АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖЕРІ БАРЛАРҒА АӘК БЕРІЛМЕЙДІ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖЕРІ БАРЛАРҒА АӘК БЕРІЛМЕЙДІ
Келген азаматтар өз қиындықтарымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырудың қиындықтары, кейбір отбасылардың атаулы әлеуметтік көмектері тоқтап қалғаны, үй кезегіне тұру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, көпбалалы ана 6 баласымен жалдайтын пәтер таба алмай жүргені туралы айтып, әкімдік тарапынан пәтер табуға көмек сұрады.
Әр адамның мәселесі бойынша жеке кеңес берілді және құжаттарын тексеру кезінде меншігінде ауылшаруашылығына арналған жері бар отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беруден бас тартылғаны айтылды. Былтырғы жылы карантин шараларына байланысты көмек мерзімі ешбір тексерусіз ұзартылып отырды, алайда биылғы жылдың басынан бастап әрбір көмек алушы отбасы мұқият тексерілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі