ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 500 ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ АЛДЫНА КОНТЕЙНЕР ЖӘШІКТЕРІ ОРНАТЫЛҒАН
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 500 ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ АЛДЫНА КОНТЕЙНЕР ЖӘШІКТЕРІ ОРНАТЫЛҒАН
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы бойынша Қаратау ауданында 11 орынға жаңа үлгідегі қоқыс алаңшалары орнатылды. «Green Line» ЖШС орнатқан қоқыс алаңшалары тұрғындар тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта аудандағы барлық қоқыс алаңшасы осы үлгіге ауыстырылады.
Бұл туралы Қаратау ауданы әкімі Абзал Әліқұлов 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындарға берген есебінде баяндады. Карантин шектеулеріне байланысты есепті жиын онлайн форматта ұйымдастырылды.
Қоқыстың ретсіз жиналуының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі өкілдері тұрғындар арасында коммуналдық мекемелермен келісім-шарт түзу үшін түсіндірме жұмысын жүргізген. Нәтижесінде келісім-шарттың түзілуі 98 пайызға жеткен. Толық межеге жету үшін түсіндеру жұмысы жалғасып келеді.
Сонымен қатар, пилоттық жоба аясында «ЭкоСпецТранс» ЖШС тарапынан Қайтпас шағынауданы Алматы, Көшеров көшелерінде орналасқан 500 жеке тұрғын үйге жаңа үлгідегі контейнер жәшіктері орнатылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі