ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 44 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ БАҒАНАСЫ ОРНАТЫЛҒАН

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 44 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ БАҒАНАСЫ ОРНАТЫЛҒАН

Қаратау ауданында өткен жылы 338 көпқабатты үйге біріктірілген 106 аула жарықтандырылса, қалған 101 үйдің 53 ауласына бағана орнату үшін тиісті басқармаға ұсыныс берілген. Аудандағы көшелерді жарықтандыру бойынша 2020 жылы 44 көшеге жарықтандыру бағанасы орнатылған. Қалған 51 көшеге бағана орнату мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында жүзеге асыруға ұсынылып отыр.

Бұл туралы аудан әкімі Абзал Әліқұлов 2020 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде халық алдында берген есебінде баяндады. Карантин талаптарына байланысты есептік жиын онлайн форматта өтті.

– Аудандағы 139 көпқабаттың үйдің 57 ауласындағы балалар ойын алаңы мен спорттық жаттығу тренажерлары және 20 спорт алаңшасын салу мен күтіп ұстау мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүргізілді. Ал, тозығы жеткен 8 аула толық абаттандырылып, балалар ойын элементтері мен жаттығу тренажерлары орнатылды. Биыл ауданда10 спорт алаңшасы салынып, тозығы жеткен 13 ашық спорт алаңы жөнделеді, — деді аудан әкімі.

Ауданның анитарлық тазалық жұмысы үшін 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының мамандары жауапты етіп бекітілген. Өткен жылы бұл жұмысты атқаруға 302 461,0 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа коммуналдық мекемелер тарапынан 8000 куб күл-қоқыс шығарылып, 714 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланған. Сондай-ақ, 24 000 ағаш түбі әктеліп, 4 450 ағашты қырқу және 686 гектар аумақтың қураған шөбін ору жұмыстарына жұмсалған.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *