«Тасқын-2002» кіріспесі бойынша күш және құралдар Түркістан облысына жіберілді
Солтүстік өңірлерде болуы мүмкін су тасқыны жағдайына байланысты авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жедел жүргізу үшін Департамент жеке құрамның 48 адамы, 7 бірлік арнайы техника, 4 қайық, 13 дана мотопомпасы бар күштер мен құралдары әзірлікке келтірілді және қалыптастырылды, 13 күнге азық-түлікпен қамтамасыз етілді. «Тасқын-2002» сигналы бойынша Департаменттің күштері мен құралдары дайындыққа келтіріліп, Түркістан облысында қалыптасқан жағдайға байланысты жөнелтілді. Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Жәнібек Кәрімбаев жедел топты құруға тікелей жетекшілік етті және әрбір құтқарушымен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулық өткізді.