ТҮРКІСТАНДА ЗАҢСЫЗ ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАТТАР САТУМЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙЕДІ
ТҮРКІСТАНДА ЗАҢСЫЗ ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАТТАР САТУМЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙЕДІ
Түркістан қаласында мереке қарсаңында оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында заңсыз жолмен сатылып жатқан пиротехникалық заттарға қарсы рейдтік шара жүргізілмек. Тиісті талаптарды сақтамаған кәсіпкерлерге қатаң түрде шара қолданылатын болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров баспасөз жиынында мәлімдеді.
Бақытжан Жақсылықұлы пиротехникалық заттар сататын азаматтарға тиісті талаптарды қатаң сақтауды ескертеді.
«Алдағы күндері Түркістан облысының Полиция департаментімен бірлесіп ірі сауда орындарына рейдтік іс-шараларды жүргізілетінін хабарлаймын. Пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясы жоқ немесе сақтау тәртібінде заң бұзушылықтары орын алған жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан кәсіпкерге айыппұл салуға әкімшілік іс қозғалып, пиротехникалық заттарды тәркілеуге алады», — деді басқарма басшысы.
2018 жылы жалпы 82 рет рейд жүргізіліп, 10 әкімшілік іс қозғалып, жалпы соммасы 283 625 теңгеге айыппұл салынған. Сондай-ақ, жалпы 2520 дана пиротехникалық заттар тәркілеуге алынған.
Сонымен қатар Б.Запаров жылыту мауысымысы кезінде қала тұрғындарын сақ болуға шақырды. 2018-2019 жылғы жылыту маусымында орын алған жағдайларды ескеріп, биылғы жылы жылыту маусымында улы газдан уланудың алдын алу жұмыстары жаз мезгілінен бастап жүргізілгенін хабарлады. Облысымыздың көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл әкімдіктен 320 млн. 715 мың 945 теңгеге 34 389 үйге газосигнализатор орнатуға қаржы көзі қарастырылған болатын. Бүгінгі күнге 30 мыңннан астам үйлерге осы қондырғылар орнатылды.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі