ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

slider image
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Галошфаи, Бас консул Ференц Блауманнмен кездесті. Кездесуде тараптар іскерлік байланыстар және ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде әңгімелесті. 
Мажарстанның елімізбен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға деген қызығушылығы артып келеді. Венгрия Орталық Еуропада Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойған алғашқы мемлекет екенін атап өткен жөн.
 
Қала әкімі Михай Галошфаи, Ференц Блауманн мырзаларға екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, венгр компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. 
– Сіздің еліңіз инновацияны мықты қолдау негізінде тиімді даму үлгісін көрсетіп отыр. Осыған байланысты біз венгр компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және дамыту мәселелеріне ерекше мән береміз. Біз венгриялық компаниялардың түрлі салаларда — туризм, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылық, машина жасау және басқа да өнеркәсіптік бағыттарда инвестиция салуын құптаймыз. Венгрияның іскер топтарын Шымкентте өз белсенділіктерін арттыруға шақырамын. Бұл үшін қаламызда барлық жағдай жасалған. Бізде қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуал құрылған, – деді қала әкімі. 
 
Шаһар басшысы қаланы дамытудағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша ашық және сындарлы диалогқа дайын екенін атап өтті. Бұл орайда Венгрияның Шымкент қаласындағы құрметті консулы Қайрат Құсайынұлы мырзамен қажетті мәселелерді бірлесе шешпек. 
Айта кетсек, Михай Галошфаи мырза аталған қызметке өткен жылы қыркүйек айында тағайындалған болатын.
 
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *