ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ӨСІМІ ТӘУЛІГІНЕ 0,39% ҚҰРАДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ӨСІМІ ТӘУЛІГІНЕ 0,39% ҚҰРАДЫ
Ауру санының артуы жарты пайыздан төмен болуы — «жасыл» аймақта орналасқан өңірдің жағдайы тұрақты екенін көрсетеді. Өткен тәулікте Түркістан облысында COVID-19 ауруының 16 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда 139 адам ем қабылдауда.
Пандемия басталғалы бері барлығы 4036 CVI жағдайы тіркелді. Оның 2566-сы симптомсыз болып, 1657-сі стационарлық ем қабылдады. Облыста COVID-19 бар науқастарды емдеуге жатқызу үшін мыңға жуық жұқпалы және карантиндік төсек жұмыс істейді. Барлығы жарты миллионға жуық ПТР зертханалық сынақтары өткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі