ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН АЩЫСАЙ АУЫЛЫНЫҢ 40 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН АЩЫСАЙ АУЫЛЫНЫҢ 40 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
22-24 қаңтар аралығында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты таулы аудандардағы Кентау-Ащысай автокөлік жолдары жабылды. Табиғаттың тосын мінез танытуынан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Автокөлік иелерінің назарына, ұзақ жолға шықпауларын қатаң ескерту» тақырыпта — «Facebook» «Instagram» «Twitter» «WhatsApp» интернет желілеріне бейнетүсірілім арқылы дауылды ескерту жөнінде хабарландырулар жарияланды.
Хабарландыруларға қарамастан алыс жолға шыққан тұрғындар қар құрсауында қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Кентау қаласындағы №12 ӨСБ байланыс бекетіне жолда қалып қойған автокөлік иелерінен көмек сұраған қоңыраулар көбейген. Жедел құтқару жұмыстарына Кентау қаласының төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері және №12 ӨСБ жеке құрамымен қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі