ШЫМКЕНТ: ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕРГЕ ШАРА КӨРІЛЕДІ
ШЫМКЕНТ: ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕРГЕ ШАРА КӨРІЛЕДІ
Шымкент қаласында өткен жылы ауыл шаруашылық бағытындағы 62 608 гектар жерге түгендеу жүргізіліп, 9982 гектар жердің игерілмегені анықталған. Игерілмеген жер иелеріне шара көру мақсатында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданған.
Қазіргі таңда қаладағы жерлер туралы толық мәліметтерді қамтитын арнайы геопортал құрылуда. Геопортал іске қосылғаннан кейін аэрокосмотүсірілімдер арқылы ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Қаланың даму жоспарына сәйкес сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 48 нысанның құрылысы үшін 3612 жер телімі мемлекет мұқтаждығына алу жоспарланып отыр.
Өткен жылы жердерді мемлекетке қайтаруға 3,7 млрд теңге қаржы жұмсалса, биыл 11,7 млрд теңге жоспарланып отыр. Қаланың бас жоспарына сәйкес қайтарылған жерге мектеп, жол, магистралдық және ішкі инженерлік жүйелерді құру мен өзге де маңызды нысандардың құрылысы жүргізіледі.
Фото: Береке Сейітжаппар
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі