Елордадан Түркістанға жұмысқа келген құрылысшы коронавирустан көз жұмды

Елордадан Түркістанға жұмысқа келген құрылысшы коронавирустан көз жұмды

Елордадан Түркістанға жұмысқа келген құрылысшы коронавирустан көз жұмды

 

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. 41 жастағы азамат Нұр-Сұлтан қаласынан келіп, Түркістан облысында құрылыс компаниясында жұмыс істеген, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар штабының мәліметінше, марқұм 15 маусым күні денсаулығының ауырлауына байланысты емдеу мекемесіне келген. Шымкент қаласындағы «Авиценна» медицина орталығында ПТР диагностикалық зерттеу бойынша COVID-19 анализ тапсырған. Науқастан алынған сараптамасының қортындысы оң нәтиже көрсеткен соң, 16 маусым күні жедел жәрдем қызметі арқылы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Жағдайының ауырлығына байланысты бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

«Ауруханаға түскен кезінде науқастың жағдайы ауыр болғандықтан ИВЛ аппаратына қосылған. Емдеу хаттамаларына сәйкес науқасқа барлық қажетті емдеу іс-шаралары жүргізіліп, бірнеше рет республикалық мамандармен консультациялар өткізілген. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, науқас 17 маусым күні таңғы сағат 05:40 өткенде қайтыс болды» делінген хабарламада.

https://www.inform.kz/kz/elordadan-turkistanga-zhumyska-kelgen-kurylysshy-koronavirustan-koz-zhumdy_a3663104

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *