ШЫМКЕНТТЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» аясында мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті.


Биыл қала бойынша 11-сыныпты 9 973 түлек, 9-сыныпты 16 877 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 11-сынып бітірушілерінің 491-і «Алтын белгі» иегері атанса, 437 түлек «Үздік аттестат» иеленді.

Салтанатты жиында мектеп директорлары мен ұстаздары түлектерді қуанышты күндерімен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәт- сапар тіледі.

 

Іс-шара санитарлық талапқа сай, мектеп аумағында өткізілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *