ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУДІ БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУДІ БАСТАДЫ

slider

Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары егістік алқаптарындағы жұмыстарын бастап кетті. Егін егуді ерте бастаған Атамекен, Ералиев ауыл округтерінің диқандары қазірдің өзінде жалпы 12 гектар жерге қырыққабат отырғызып үлгерген.

«Ұлман ата» шаруа қожалығының төрағасы Бақыт Қорғанбаев қырыққабат көшетін егуді желтоқсан айында бастап кеткен.

«Біздің аудан ерте көктем шығатын аймаққа жатады. Жылда ауа-райының осындай қолайлылығын тиімді пайдаланып, егістік жұмыстарын ерте бастауға қамданамыз. Қазіргі таңда 2 гектар аумаққа қырыққабат отырғыздық. Өткен жылы осы жерден 70 тонна өнім алғанбыз, биыл 100 тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді қожалық иесі.

Ал, Ералиев ауылдық округінің диқаны Нұрбол Әметов қырыққабатты тамшылатып суғару технологиясымен егуді биыл да қолға алып отыр. Ол бұл әдіс өнім көлемін 2 есеге арттыратынын айтады. Диқандар негізінен қырыққабаттың 65 күнде пісетін «Заказ» және «Валикор» сорттарын егіп жатыр.

Айта кетейік, жалпы ауданда биыл 78 500 гектар аумаққа егіс егіледі жоспарланып отыр. Соның 1000 гектары ерте пісетін қырыққабатқа арналған. Өткен жылы 1007 гектарға қырыққабат егіліп, одан 36 мың тонна өнім жиналған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *