Шуда полицей адам қағып өлтірді. Куәгерлер жүргізуші мас болған дейді
Шуда полицей адам қағып өлтірді. Куәгерлер жүргізуші мас болған дейді
Жамбыл облысында полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қатты соққыдан 48 жастағы әйел сол сәтте жан тапсырған. Оқиға куәгерлері қайғылы жағдайға себепкер болған тәртіп сақшысы оқиға орнынан қашып кетті деген еді. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлады zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
– Адам өліп кеткен. Нөмірсіз тұрған ақ «Нива» қаққан.
Оқыс жағдай кеше түнде Шу қаласындағы вокзал маңында болған. Рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді 25 жастағы аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі «Нива» көлігімен мыжып өтіпті.
Жергілікті тұрғын тілге келместен жан тапсырған. Куәгерлер «жүргізуші мас болған, әрі өзінің полицияда істейтінін жасыру үшін қызметтік көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкетті» деп дабыл қаққан.
Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды. Олардың сөзінше, қараңғы көшеде жолға атып шықан жүргіншіні аға лейтенант абайсызда таптап өткен. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті «күдікті жазасыз қалмайды» деп сендірді.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Полиция қызметкері қазір уақытша ұстау изоляторында. Медициналық куәландыру қорытындысына сәкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі қолданбағаны анықталды. Қазір жан-жақты тергеп-тексеру басталды. Барлық бейнебақылау камераларындағы жазба алынып, сараптама тағайындалды.