ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Шымкенттегі Д. Қонаев даңғылында жолайрық құрылысының ІІ кезеңінің басталуына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеліп, бағыттар өзгерді. Осыған байланысты қала әкімдігі тарапынан сол аймақта орналасқан кәсіпкерлік нысан басшыларына осы жылдың 11 қаңтарында арнайы ескертулер жасалып, хабарламалар таратылған.
Ал Бәйдібек би даңғылында орналасқан «Қазыбек» базарының кәсіпкерлеріне сауда жасау үшін «Бірлік», «Барыс» және «Жібек жолы» базарларынан уақытша 6 ай мерзімге тегін орындар ұсынылды.
Сонымен қатар «Қазыбек» базарының меншік иесімен 223 орамда орналасқан «Бахыт» базарына кәсіпкерлерді тегін орындармен қамту көзделіп отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі