ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ 1 АҚПАННАН БАСТАЛАДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ 1 АҚПАННАН БАСТАЛАДЫ
«Қазіргі таңда облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінде инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі — 23,6%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі — 13%-ды құрап отыр. Қажет болған жағдайда инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарланып, 77 автокөлік жеткізілді. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді», – деді М.Пашимов.
Өз кезегінде облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышанов ҚР ДСМ-нің эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы «жасыл аймаққа» енгізілгенін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 231-жағдай тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 11,4 құрағанын жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі