ШЫМКЕНТ: «НҰРЛЫ ЖЕР» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 1 ЖАРЫМ МЫҢНАН АСТАМ ПӘТЕР ҮЛЕСТІРІЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: «НҰРЛЫ ЖЕР» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 1 ЖАРЫМ МЫҢНАН АСТАМ ПӘТЕР ҮЛЕСТІРІЛЕДІ

slider
Шымкент қаласында биыл наурыз айының соңына дейін  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 976 пәтерді сатып алу құқығынсыз арендалық негізде кезекте тұрған азаматтардың пайдалануына беру жоспарланған. Сонымен қатар биылғы жылы  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы мен жұмыс істейтін жастарға 1580 пәтер үлестірілетін болады. 
 
Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновке 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов баяндады. 
 
Басқарма басшысының айтуынша, биыл сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «2-10-20» («Бақытты отбасы») несиелендіру шарты аясында 350 аз  қамтылған отбасыларды тұрғынжаймен қамту жоспарлануда. «Шаңырақ» пилоттық жобасы  бойынша («5-10-20» несиелендіру шартының) тұрғын үй кезегінде тіркелген 1728 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделген. Одан бөлек «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» несиелендіру шарты аясында 108 азаматқа пәтер берілмек. 
 
Жиын барысында атап көрсетілгеніндей «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте республикалық бюджет есебінен 35 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.  Атап айтқанда көпқабатты тұрғын үйлердің лифт қондырғыларын ауыстыру, коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. 
 
Жалпы баспана мәселесіне қатысты туындайтын қосымша сұрақтар бойынша 8725256-62-90 немесе whatsapp арқылы арнайы +7 700 674 20 52 нөмірлеріне хабарласуға болады.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *